date

«Барселона» жұлдыздарының жарақат салдарынан өткізіп алған ойындары

«Барселона» жұлдыздарының жарақат салдарынан өткізіп алған ойындары
«Барселона» клубы соңғы жылдары жас футболшыларының белсенді ойынымен қатар, олардың жарақат себебінен өткізіп алған кездесулерімен де назарда тұр. Команда құрамындағы бірнеше негізгі ойыншылар денсаулық жағдайына байланысты көптеген ойындарға қатыса алмады.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Ламин Ямал 146 ойында алаңға шыққан, бірақ жарақат салдарынан 16 кездесуін өткізіп алған. Гави 186 ойында ойнап, денсаулық жағдайына байланысты 99 ойынды өткізіп жіберген.

Педри 290 ойында өнер көрсетіп, 88 кездесуді өткізе алмаған. Сондай-ақ, Алехандро Бальде 176 ойында алаңға шығып, 72 ойында командасына көмектесе алмаған.

Бұл көрсеткіштер «Барселона» жас футболшылары үшін сауығу үдерістерін жақсарту және жарақаттардың алдын алу бойынша маңызды шаралар қабылдау қажет екенін көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» жұлдыздарының жарақат салдарынан өткізіп алған ойындары