
Барселона дарбазашысы Войцех Щесны футбол тарихындағы ең үздік қақпашылар туралы айтты. Ол "Буффон, Лев Яшин, Мануэль Нойер, Петр Чех... 
және, әрине, мен – неге болмасын?" деп өз пікірін білдірді. Дегенмен, ол өзін осы тізімге қосқан кезде әзілдеп айтқанын қосты. 
Кеңес қақпашысы Лев Яшин футбол тарихында "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алған жалғыз қақпашы болып саналады. Ол бұл жүлдені 1963 жылы иеленген. 
Лев Иванович 1990 жылы қайтыс болған. "Барселона" қазіргі уақытта Ла Лига турнирлік кестесінде екінші орында тұр. 
Өткен демалыс күндері Каталония клубы "Реалдан" 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан, Щесны сол ойында пенальти соққысын қайтаруға қол жеткізді. 
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 