
«Ливерпульдің» оң қанат қорғаушысы Джереми Фримпонг жақын арада командасына көмектесе алмайды. Голландиялық футболшы Чемпиондар лигасы аясында Франкфурттің «Айнтрахт» командасына қарсы ойында алған жарақатына байланысты соңғы екі кездесуді өткізіп жіберді.
Журналист Льюис Стилдің хабарлауынша, 24 жастағы футболшының жақын арада алаңға шығуы күтілмейді – ол шамамен 6 апта бойы саптан шығарылады. «Ливерпуль» Джереми Фримпонгты өткен жазда Леверкузеннің «Байер» клубынан сатып алған болатын.
Футболшы Арне Слот командасы үшін барлық жарыстарда 9 ойында алаңға шығып, бір гол соға алды. Сенбі күні мерсисайдтықтар өз алаңында Премьер-лига аясында «Астон Вилланы» қабылдайды.
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 