date

19 жастағы футболшы Barcelona негізгі құрамында

19 жастағы футболшы Barcelona негізгі құрамында
19 жастағы Томми Маркес "Барселона" негізгі құрамында өз мүмкіндігін сынап көреді. Бас бапкер Ханс-Дитер Флик жас жартылай қорғаушыны Ла Лига аясында "Эльче" командасына қарсы өтетін ойында құрамға қосуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Sport басылымы хабарлады. Жаңа футболшы жарақат салдарынан шамамен бір айға үзіліс алған жұлдыз футболшы Педридің орнын басады.

Бейсенбі күні Маркес "көк-анар түстілердің" негізгі құрамымен жаттығу өткізді. Дәл осы күні футболшы өзінің 19 жасын атап өтті.

Инсайдер журналист Фабрицио Романо ағылшын клубтарының бұл жартылай қорғаушыға қызығушылық танытқанын хабарлады. "Барселона" клубы бұл футболшыға зор сенім артып отыр және оны жібергісі келмейді.

Каталондықтардың "Эльче"-ге қарсы ойыны жексенбі, 2 қараша күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » 19 жастағы футболшы Barcelona негізгі құрамында