
Мадридтің "Атлетико" клубының бұрынғы футболшысы Габи Фернандес "Барселона" вингері Ламин Ямалдың мәселелері туралы өз ойымен бөлісті. 18 жастағы футболшы соңғы уақытта спорттағы жетістіктерінен гөрі дауларға жиі түсіп жүргендігімен талқыланып жүр.
"Ламиннің қанша мәселесі бар екенін білмеймін, бірақ қазір ол алаңдағы ойынынан гөрі сырттағы әрекеттерімен көп назар аударуда. Ямал – керемет футболшы, бірақ оның айналасындағы жағдайлар оған пайдасын тигізбей жатыр.
Оған үлкен жауапкершілік жүктелген. Біз оған көмектесуіміз керек, оны құртуға тырыспауымыз қажет", — деді "матрасшылардың" бұрынғы жартылай қорғаушысы испан басылымына берген сұхбатында.
Ағымдағы маусымда Ламин Ямал "Барселона" сапында 8 ойынға қатысып, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Экс-Атлетико ойыншысы: "Ямалға көмек керек"
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 