
Лацио футболшысы Педро Родригес клубтан кету туралы шешімін жариялады. Испаниялық футболшы Рим клубындағы осы маусымды аяқтап, команданы тастап кетеді.
Бұл туралы ол бейсенбі күні "Пизаға" қарсы ойынынан кейін айтты. Аталған ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
"Мен Лационың Еурокубоктарға шығуын қалаймын, содан кейін кетуге уақыт келеді", – деді 38 жастағы вингер Фабрицио Романоға берген сұхбатында. Педро 2021 жылдан бері "құзғартардың" сапында ойнап келеді.
Оған дейін ол "Рома", "Челси" және "Барселона" командаларында ойнаған. Каталония клубының тәрбиеленушісі болған футболшы биылғы шілде айында 39 жасқа толады.
Әзірге ол маусым соңынан кейін мансабын жалғастыра ма, әлде аяқтай ма, белгісіз.
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 