date

Тен Хаг қайтадан АПЛ-ға оралуы мүмкін


«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы бас бапкері Эрик тен Хаг Англия Премьер-лигасының басқа бір клубында жұмысын бастауға мүмкіндігі бар. Журналист Стив Браунның хабарлауынша, «Вулверхэмптон» бас бапкері Витор Перейраны жұмыстан шығару жоспарлануда.

Онымен бір ай бұрын ғана 2028 жылға дейін келісімшарт ұзартылған болатын. Дереккөздерге қарағанда, «қасқырлар» Тен Хагпен ынтымақтастық мәселесін талқылау үшін байланысқа шыққан.

Қазіргі уақытта «Вулверхэмптон» Англия чемпионатының турнирлік кестесінде тоғыз турдан кейін небәрі екі ұпай жинап, соңғы орында келеді. Команда Лига кубогынан да шығып кетті, онда «Челси» командасына 3:4 есебімен жеңілген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тен Хаг қайтадан АПЛ-ға оралуы мүмкін