date

Спаллетти: Ювентус Чемпиондар Лигасы жолында


Ювентустың жаңа бас бапкері Лучано Спаллетти команданың осы маусымдағы мақсаттары туралы пікір білдірді. "Егер мен бұл командаға сенбесем, 8 айлық келісімшартқа келісер ме едім?

Мен Ювентуста жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламын деп ойлаймын. Жағдайды өзгертуге мүмкіндігіміз бар екенін көріп отырмын.

Сіздерге нақты нәтиже туралы айта алмаймын, бірақ мақсаттар өте жоғары, өйткені Ювентус секілді клуб Чемпиондар лигасына жолдама алуға ұмтылуы тиіс", — деді Спаллетти баспасөз мәслихатында. Өткен турда А Серияда Ювентус Удинезені 3:1 есебімен жеңіп, барлық турнирлердегі 8 ойыннан тұратын жеңіссіз сериясына нүкте қойды.

9 ойыннан кейін Турин клубы чемпионатта 15 ұпаймен 7-орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Спаллетти: Ювентус Чемпиондар Лигасы жолында