date

Микел Артета: "Арсеналды" тоқтату мүмкін емес деп ойламаймын


«Арсенал» бас бапкері Микель Артета өз командасын «тоқтатуға болмайтын» деп санайтыны туралы сұраққа жауап берді. «Жоқ, себебі біз келесі қарсыласымыз қандай қиындықтар мен сын-сынақтар әкелетінін көріп отырмыз.

Біз әр үш күн сайын ойын өткіземіз және дайындыққа уақыт өте аз. Сондықтан әрдайым жақсы спорттық формада болуымыз керек.

Қазір барлығы ойынға дайын, барлық сынаққа төтеп беруге және тағы да жеңіске жетуге ұмтылуда», – деді Артета баспасөз мәслихатында. «Арсенал» Премьер-лигада көшбасшылықты сақтап тұр және жақын қуғыншысын төрт ұпайға артта қалдыруда.

Сенбі күні Микель Артета командасы қонақта «Бёрнлиге» қарсы алаңға шығады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Микел Артета: "Арсеналды" тоқтату мүмкін емес деп ойламаймын