date

Хаби Алонсо жұлдыздармен жұмыс істеу туралы айтты


Хаби Алонсо Испания чемпионаты аясында "Валенсияға" қарсы өтетін үй кездесуінің алдында журналистермен әңгімелесті. Одан "Реал" командасындағы көптеген жұлдызды футболшыларды қалай басқарып жүргені туралы сұрады.

"Жай ғана өзім болып қаламын. Шынайы болу керек, өзіңді басқаша көрсетпеу қажет.

Мен футболшылармен адал және ашық қарым-қатынас құрамын, олардың әрқайсысының рөлін түсінемін және әрдайым команданың мүддесін бірінші орынға қоямыз. Ұжымды құрметке негізделген ортада басқару, талапшыл болу, бірақ әр футболшының ерекшелігін түсіну маңызды.

Әр ойыншыға бейімделу үшін эмоционалды интеллект болуы қажет, бірақ өз ұстанымымызды да сақтап қалу керек", - деді Алонсо журналистерге. Еске сала кетейік, өткен турда "Реал" өз алаңында "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Хаби Алонсо жұлдыздармен жұмыс істеу туралы айтты