date

Мбаппе бірінші 'Алтын бутсасын' қолға түсірді


Килиан Мбаппе өткен маусымда Еуропаның ең үздік сұрмергені болды. Жұма күні француз шабуылшысы "Алтын бутса" сыйлығын қабылдап алды.

Осы оқиғадан кейін "Реал" жұлдызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. "Менің алғашқы "Алтын бутсам".

Бұл марапатқа қол жеткізу және Еуропаның ең үздік сұрмергені ретінде мойындалу — мен үшін үлкен құрмет. Командамдағы барлық әріптестеріме және "Реалдағы" жандарға күнделікті көрсеткен көмектеріңіз үшін үлкен рахмет.

Сіздерсіз мен өзімнің ең жақсы нұсқамды көрсете алмас едім. Ақыры, бастан-ақ маған көп сүйіспеншілік көрсеткен барлық мадридистерге алғыс айтқым келеді.

Ертең "Бернабеудә" кездескенше!" — деп жазды Мбаппе. Сенбі, 1-қараша күні "Реал" өз алаңында "Валенсияны" қабылдайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе бірінші 'Алтын бутсасын' қолға түсірді