АПЛ-дың 10-туры: Негізгі ойындар кестесі

АПЛ-дың 10-туры: Негізгі ойындар кестесі

АПЛ-дың 10-туры: Негізгі ойындар кестесі
Ағылшын Премьер-лигасының 10-тур кездесулері 1 қараша күні басталады. Алғашқы ойындарда “Брайтон” “Лидсті”, ал “Бёрнли” мықты қарсылас “Арсеналды” қабылдайды. Сонымен қатар, “Кристал Пэлас” – “Брентфорд”, “Фулхэм” – “Вулверхэмптон” және “Ноттингем Форест” – “Манчестер Юнайтед” матчтары да бір уақытта өтеді.

Күннің соңында ең күтілген кездесу — “Тоттенхэм” мен “Челси” арасында өтеді. Бұл ойын Лондон дербиі болып саналады, екі команда да жоғарғы орындар үшін күресте маңызды ұпай алуға ұмтылады. Түнгі сағат 01:00-де “Ливерпуль” өз алаңында “Астон Вилламен” кездеседі.

2 қараша күні тур “Вест Хэм” – “Ньюкасл” ойынымен жалғасады, кешке қарай “Манчестер Сити” “Борнмутқа” қарсы алаңға шығады. Пеп Гвардиоланың шәкірттері чемпиондық жарыста көшбасшылықты сақтап қалуға тырысады.

Турдың соңғы ойыны 3 қараша таңында “Сандерленд” пен “Эвертон” командалары арасында өтеді. Осы аптада мықты командалар өз позицияларын нығайтуды, ал төменгі орында тұрған клубтар маңызды ұпай жинап, жағдайын жақсартуды көздеуде.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар