
Танымал бұрынғы қақпашы Петр Чех Лондонның "Арсенал" командасының осы маусымдағы ойындары туралы өз пікірін білдірді. "Канонирлер" 9 турдан кейін 22 ұпай жинап, Премьер-лига турнир кестесінде сенімді түрде көш бастап келеді.
Ерекше айта кетерлігі, Микель Артета командасы осы уақытқа дейін тек 3 гол ғана жіберген. Бұл нәтиже 2004/05 жылғы маусымда "Челси" тіркеген 15 өткізілген гол бойынша рекордты жаңарту мүмкіндігін тудырып отыр.
"Арсенал" өте мықты ойнап жатыр. Иә, бұл тек бастамасы, бірақ әр нәрсенің өз бастамасы болады.
Егер олар осы қарқында жалғастырса, рекордты жаңарту мүмкіндігі пайда болады. Бірақ бұл өте қиын жұмыс.
Алда көптеген ойындар бар және сәттілік те керек болады. Меніңше, "Арсеналға" біздің рекордымызды жаңарту қиын болады", — деп Чехтің сөздерін ағылшын БАҚ-тары келтіреді.
Сенбі күні Лондон командасы сырт алаңда "Бёрнлиге" қарсы ойнайды.
Петр Чех: Арсеналға Челси рекордын жаңарту қиын
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар