
«Барселона» клубының оң қаптал қорғаушысы Хави Эспарт жуырда негізгі командада дебютін өткізуі мүмкін. 18 жастағы футболшы жаттығулар мен дубль командасындағы ойындары арқылы «көк-анар түстілердің» бас бапкері Ханс-Дитер Фликке үлкен әсер қалдырды.
Бұл туралы журналист Серхи Соле хабарлайды. Жас испан футболшысының әсіресе, ересектік пен әмбебаптығы неміс бапкерін қуантқаны айтылуда.
Хави Эспарт тек қорғаныс қапталында ғана емес, сонымен қатар жартылай қорғаныс шебінде де ойнай алады. Осы маусымда ол үш рет «Барселонаның» негізгі командасы құрамына қосылды, бірақ әлі алаңға шыққан жоқ.
Жексенбі күні Каталония алпауыты Ла Лига аясында өз алаңында «Эльчены» қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар