
«Страсбург» шабуылшысы Хоакин Паничелли ірі клубтардың назарын аудартуды жалғастыруда. Аргентиналық футболшы маусымды керемет бастады: ол Франция чемпионатында тоғыз голымен сұрмергендер жарысында көш бастап келеді.
23 жастағы футболшының агенті клиентіне «Милан» клубы қызығушылық білдіріп жатқанын хабарлады. «Қазіргі кезде ешқандай жаңалық жоқ.
Соңғы апталарда ешкім менімен байланысқа шыққан жоқ, бірақ «Милан» Паничеллидің есімін жақсы біледі – клуб оны көптен бері бақылап келеді», – деді агент Calciomercato басылымына. Transfermarkt мәліметінше, шабуылшының трансферлік құны 12 миллион еуроны құрайды.
Биылғы жылдың шілде айында «Страсбург» оны Испанияның «Алавес» клубынан 16,5 миллион еуроға сатып алған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар