
Ливерпуль клубының спорт директоры Ричард Хьюз Сауд Арабиясының Әл-Хилаль клубынан ұсыныс алды. 46 жастағы маманмен келіссөздер қазірдің өзінде маңызды кезеңге жеткенін The Anfield Talk басылымы Сауд Арабиясы БАҚ-на сілтеме жасап хабарлады.
Ричард Хьюз Ливерпульдегі қызметіне 2024 жылдың жазында тағайындалған еді. Бұған дейін шотландиялық маман Борнмутта 10 жыл бойы техникалық директор қызметін атқарған.
Сауд Арабиясы чемпионатының жеті турынан кейін Әл-Хилаль екінші орында келеді. Команданың бас бапкері бұған дейін Интерді басқарған Симоне Инзаги.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар