date

Манчестер Юнайтед Атлетикодан футболшы жалға алуы мүмкін

Манчестер Юнайтед Атлетикодан футболшыны жалға алуы мүмкін
Мадридтің "Атлетико" клубының жартылай қорғаушысы Конор Галлахер "Манчестер Юнайтед"-тің қызығушылықтар тізімінде қалуда. "Қызыл шайтандар" жазғы трансфер терезесінде "Челси" түлегін өз құрамына қосуға тырысқан еді.

Алайда "Атлетико" футболшыны жіберуге дайын болмаған. Қазіргі кезде Галлахер Мадрид клубының негізгі құрамында сирек алаңға шығып жүр.

Сол себепті оның Англияға оралуы қаңтар айында жүзеге асуы мүмкін. Белгілі журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" 25 жастағы футболшыны осы маусымның соңына дейін жалға алуды байыппен қарастыруда.

Бұл трансфердің іске асуы "Атлетико" талаптарына байланысты болады. Transfermarkt порталының мәліметінше, Конор Галлахердің трансферлік құны 40 миллион еуро деп бағалануда.

Футболшының қазіргі келісімшарты 2029 жылға дейін жасалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Манчестер Юнайтед Атлетикодан футболшы жалға алуы мүмкін