date

Гвардиола Борнмутты мақтады

Гвардиола Борнмутті мақтады
Жазда "Борнмут" бірнеше маңызды футболшыларын жоғалтқан еді. Соған қарамастан, қазір команда Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде екінші орында тұр.

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола баспасөз мәслихатында "Борнмут" туралы өз пікірін айтты. "Борнмут" командасы тамаша деңгейде жұмыс жасауда.

Олардың басшылығы, спорт директорлары, бапкерлері мен футболшылары арасында жақсы үйлестірілген жұмыс бар. Олардың өзіндік философиясы бар және ол өзгермейді.

Әрине, құрамда өзгерістер болады. Егер бір мезетте үш-төрт футболшыңызды топ-клубтарға жіберсеңіз де, командаңызды қайта құра білсеңіз, бұл сахна артындағы үлкен еңбектің нәтижесі", - деді Гвардиола баспасөз мәслихатында.

Жексенбі, 2-қараша күні "Манчестер Сити" мен "Борнмут" командалары арасында Англия чемпионаты аясында "Этихад" стадионында кездесу өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола Борнмутты мақтады