
«Ливерпуль» бас жаттықтырушысы Арне Слот команданың ағымдағы маусымдағы негізгі мәселесін айтты. Англия Премьер-лигасының қазіргі чемпионы соңғы төрт ойында жеңіліске ұшырап, турнир кестесінде жетінші орынға түсіп кетті.
Кейбір мамандар «қызылдардың» басты мәселесін қорғаныстағы әлсіз ойынында деп санаса, жаттықтырушының пікірінше, бұл команданың негізгі мәселесі емес. «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойында біз қанша мүмкіндік бердік?
«Айнтрахтқа» қарсы ойында 3:1 есебімен алда келе жатқанда, қарсылас біздің қақпамызға дерлік соққы жасай алмады. Бұрынғы ойындарда да қарсыластарымыз көп мүмкіндік жасамаған.
Қорғанысымыз өткен маусымдағыдай көп бос орын қалдырмайды. Біздің басты мәселеміз — өз мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдалана алмауымызда», – деді нидерланд жаттықтырушысы баспасөз мәслихатында.
Бүгін «Ливерпуль» «Астон Виллаға» қарсы ойында жеңілістер сериясын тоқтатуға тырысады.
Слот: "Ливерпуль"дің негізгі мәселесі не?
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз