
Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе өз ойынындағы өзгерістер туралы пікір білдірді. Франциялық жұлдыз 2024 жылдың жазында "Реал" сапына қосылған.
Оған дейін ол "ПСЖ" және "Монако" клубтарында ойнаған. "Бес жыл ішінде өзгердім бе?
Үміттенемін, иә. Себебі бұл футболшы үшін табиғи үдеріс.
Әрқашан дамып отыру керек. Егер сол деңгейде тоқтап қалғанымда, бұл жақсы жағдай болмас еді.
Ойымша, мен көп нәрсе үйрендім, қателерім арқылы адам ретінде де жақсы жаққа өзгердім. Жақсылыққа өзгеру әрдайым пайдалы.
Қазір мен енді бұрыңғыдай емеспін", – дейді 26 жастағы футболшы Madrid Universal басылымына берген сұхбатында. Осы маусымда Килиан Мбаппе "Реал" құрамында 13 ойында алаңға шығып, 16 гол соққан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар