
Каталонияның "Барселона" клубы 18 жастағы дарынды жартылай қорғаушы Ламин Ямалдың денсаулығына алаңдап отыр. Соңғы күндері футболшының шап тұсында мәселелер байқалуда.
The Sun басылымының хабарлауынша, "көк-анарғұлылар" Ямалдың жарақаты созылмалы түрге айналуынан қорқуда. Егер қолайсыздықтар жалғаса берсе, хирургиялық араласу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды.
Қазіргі уақытта Ламин Ямалдың трансферлік құны 200 миллион еуро деп бағалануда. Ол "Барселонамен" 2031 жылдың ортасына дейін келісімшартқа қол қойған.
Осы маусымда Ламин "Барселона" сапында 8 кездесуге қатысып, 3 гол және 5 нәтижелі пас жасаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз