
22 жастағы "Ноттингем Форест" жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсон "Манчестер Юнайтедтің" қызығушылық аясында. Бұл туралы Caught Offside журналисі хабарлады.
"Қызыл шайтандар" футболшыны қысқы трансфер кезінде өз қатарына қосуды көздеп отыр. "Орманшылар" болса жартылай қорғаушысын 80 миллион еуроға бағалаған.
Андерсон "Ноттингем Форестпен" 2029 жылдың ортасына дейін келісімшарт жасаған. 2025/2026 жылғы маусымда Андерсон 12 ойында алаңға шығып, бір нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталы футболшының құнын 45 миллион еуроға бағалаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар