date

Франк: "Тоттенхэмнің бұл антирекорды мені таң қалдырды"

Франк: "Тоттенхэмнің бұл антирекорды мені таңғалдырды"
«Тоттенхэм» бас бапкері Томас Франк АПЛ аясында «Челси» командасымен өткен ойында (0:1) өзінің командасының шабуылдағы әлсіз ойыны көңілін қалдырғанын айтты. «Шпорлар» бүкіл ойын барысында «Челси» қақпасына бар болғаны үш мәрте соққы бағыттауға қол жеткізді.

Команданың жалпы xG көрсеткіші небәрі 0,05-ті құрады. Бұл «Тоттенхэм» тарихындағы АПЛ бойынша ең төменгі көрсеткіш ретінде тіркелді.

«Бұл, әрине, өте жағымсыз жағдай. Бұған дейін менің командаларым ешқашан мұндай аз гол соғу мүмкіндіктерін жасамаған еді.

Жағдайды жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», – деді Франк ойыннан кейін берген сұхбатында. Ал «Челси» құрамындағы жалғыз голды Жоао Педро 34-минутта соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Франк: "Тоттенхэмнің бұл антирекорды мені таң қалдырды"