
Мадридтің "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Арда Гюлер "Валенсияға" қарсы ойында алаңнан кетуге мәжбүр болды. 20 жастағы футболшы ойынды негізгі құрамда бастап, Килиан Мбаппенің голына пас берді.
Алайда, үзілістен кейін ол алмастырылды. Журналист Гильермо Райдың мәліметінше, түрік футболшысы өкше тұсы аймағында жеңіл жарақат алған.
"Реал" үзіліске 3:0 есебімен алда кіргендіктен, Хаби Алонсо маңызды футболшысының денсаулығына қауіп төндірмеу үшін оны алмастыруға шешім қабылдады. 4 қараша, сейсенбі күні "Реал" Чемпиондар лигасы аясында Англияда "Ливерпульге" қарсы ойын өткізеді.
Болжам бойынша, Гюлер осы матчта алаңға шығуы мүмкін, бірақ қалпына келу мерзімі туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар