date

Реалдың ең үздік ойыншысы: Альваро Каррерас

Реалдың ең үздік ойыншысы: Альваро Каррерас
Реал Мадрид Валенсияға қарсы ойында 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Осы ойында Хаби Алонсоның шәкірттері алаңда толық үстемдік көрсетті.

Килиан Мбаппе дубль жасап, Джуд Беллингем керемет гол соққанымен, бұл жолы ойынның ең үздік футболшысы Альваро Каррерас деп танылды. Каррерас ойында тек қана соңғы нәтижені айқындаған әдемі голымен ерекшеленген жоқ, бүкіл оң қаптал бойымен қарсыласты толық жеңіп, керемет әрекет етті.

Ол 6 жеке жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті, 5 допты қайта алып, 3 қауіпті пас жасады. Сондай-ақ, Винисиус үшін пенальти да әперді.

Ойында Мбаппе мен Беллингем де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Мбаппе пенальтиді мүлтіксіз орындап, Гүлердің пасынан кейін әдемі соққымен екінші голын салды.

Беллингем болса бүкіл алаңда белсенді қимылдап, қарсыласқа қысым жасап, техникалық шеберлігімен әдемі гол соқты. Арда Гүлер де үш маңызды пас және бір голдық пасымен өз шеберлігін көрсетті.

Реал Мадрид осы жеңіспен тағы да өз күшін дәлелдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Реалдың ең үздік ойыншысы: Альваро Каррерас