
«Ливерпуль» Англия Премьер-лигасындағы көптен күткен жеңісіне қол жеткізді. Команда өз алаңында «Астон Вилланы» 2:0 есебімен жеңді.
Ойындағы голдарды Мұхаммед Салах пен Райан Гравенберх сәйкесінше 45- және 58-минуттарда соқты. «АПЛ мен Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктерден кейін жеңіске жету өте маңызды болды.
Алдымызда маңызды ойындар бар және командамыздың дұрыс жолға оралғанына қуаныштымын. Бұл маусым біз үшін оңай емес – командамызда көптеген жаңа футболшылар бар.
Олардың барлығы керемет, бірақ оларға бейімделу үшін уақыт қажет. Бір-бірімізге үйреніп кетсек, болашақта бәрі жақсы болады», – деді Мұхаммед Салах TNT Sports-қа берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, «Ливерпуль» Англия чемпионатындағы соңғы төрт ойында жеңілген еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар