Мбаппе дублімен жарқын жеңіске жетті


Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Ла Лига аясында "Валенсияны" 4:0 есебімен жеңгеннен кейін өз ойымен бөлісті. 26 жастағы футболшы матчтың бірінші бөлімінде дубль авторы атанып, 79-минутта алаңнан алынды.
Ойын алдында француз шабуылшысы көрермендерге жуырда иеленген "Алтын бутса" жүлдесін көрсетті, сондай-ақ, Ла Лигада айдың ең үздік футболшысы атағын алды. "Сантьяго Бернабеу" стадионында мерекелік кеш өтті.
Команданың керемет еңбегі. Осы рухта жалғастырамыз.
Hala Madrid," – деп жазды жұлдыз футболшы ойыннан кейін әлеуметтік желілерде. Килиан Мбаппе қазір Испания чемпионатының сұрмергендер тізімінде 11 ойында 13 голмен көш бастап келеді.
Discuss with Zamin AIAnalyze the news, get useful answers




















Пікірлер 0
…