date

АПЛ-дың ең үздік футболшысы жарияланды

АПЛ-дың ең үздік футболшысы жарияланды
ESPN телеарнасының журналистері 2025/2026 жылғы Англия Премьер-Лигасы маусымының ең үздік футболшыларының рейтингін ұсынды. Рейтингтің бірінші орнын "Манчестер Сити" клубының норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд иеленді.

Екінші орынды "Арсеналдың" орталық қорғаушысы Габриэл Магальянеш еншілесе, үздік үштікті тағы бір "канонир" – жартылай қорғаушы Деклан Райс түйіндеді. Сондай-ақ үздік ондыққа Букайо Сака, Вильям Салиба, Мойсес Кайседо, Бруну Гимарайнш, Доминик Собослой, Виржил ван Дейк және Бруну Фернандеш те кірді.

Қазіргі уақытта Премьер-Лига турнир кестесінде Лондонның "Арсенал" клубы бірінші орында тұр және ең жақын қарсыласынан жеті ұпай алда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » АПЛ-дың ең үздік футболшысы жарияланды