date

Анчелотти Италиямен финалда ойнауды қалайды


Бразилия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Карло Анчелотти 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалында Италия құрамасына қарсы ойнағысы келетінін мәлімдеді. Еске сала кетейік, италиялық маманның басшылығымен Бразилия ұлттық құрамасы мерзімінен бұрын жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды.

"Мен Бразилия мен Италия арасындағы финалды көргім келеді, бұл менің эмоциялық тұрғыдан ең үлкен арманым болар еді", – деді Анчелотти Rai басылымына берген сұхбатында. Оның айтуынша, басты мақсат – Әлем чемпионатында жеңіске жету, себебі бразилиялықтар соңғы рет 2002 жылы алтын медаль жеңіп алған болатын.

Айта кету керек, 2026 жылғы Әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш мемлекетте – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Анчелотти Италиямен финалда ойнауды қалайды