
Мадридтің "Реал" командасының бұрынғы бас бапкері Карло Анчелотти УЕФА Чемпиондар Лигасындағы негізгі фавориттер туралы өз пікірін білдірді. "Чемпиондар Лигасының әрқашан өз дәстүрлі үміткерлері бар.
Бұлар – "Реал", "Бавария", "Манчестер Сити" және "ПСЖ". Турнирді одан әрі қызықты ету үшін жалпы кезең енгізілді.
Бұл форматқа үйрену керек", – деді италиялық маман "Tuttosport" басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының қазіргі чемпионы – Францияның "ПСЖ" командасы.
Өткен маусымның финалында Париж клубы Италия өкілі "Интер" командасын 5:0 есебімен жеңген болатын.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар