
«Барселона» дарбазашысы Жоан Гарсияның жақын күндері жарақатынан айығуы күтілуде. 24 жастағы испаниялық футболшы қыркүйек айының соңынан бері тізесіндегі жарақатқа байланысты ойындарға қатыспай келеді.
Marca басылымының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, дарбазашы жекелей жаттығуларда жүктемелерді еш қиындықсыз орындай алуда. Күтілгендей, Гарсия келесі аптада жалпы топтық жаттығуларға қосылады және оның құрамға оралуы 22 қараша күні өтетін «Атлетик Бильбао» матчында іске асады.
Бұл кездесу ұлттық құрамалар ойындарына үзілістен кейін өткізіледі. Үзіліске дейін «Барселона» «Эльче» (бүгін), «Брюгге» (5-қараша) және «Сельта» (9-қараша) командаларына қарсы ойын өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар