
Леверкузеннің "Байер" клубының бас бапкері Каспер Юлманн Мюнхеннің "Бавария" командасымен болған ойында ірі жеңілістен кейін өз пікірін білдірді. Бундеслиганың тоғызыншы турында өткен бұл кездесу 0:3 есебімен аяқталды.
«Біз мойындауымыз керек, "Бавария" қазір Еуропаның абсолютті үздік командасы. Олар қателіктерімізді бірден жазалады.
Өз ойынымызға риза болмадық, әлі де жұмыс істеу қажет тұстары бар. Алайда жалпы алғанда, "Бавария" өте күшті болды.
Мұны мойындауымыз керек», – деп бапкердің сөзін Bundesliga News порталы келтірген. Осы ойыннан кейін "Бавария" 27 ұпаймен бірінші орында, ал "Байер" 17 ұпай жинап, бесінші орында келеді.
Бұған дейін бұл ойын туралы "Бавария" бас бапкері Венсан Компани де өз пікірін білдірген еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар