Костичтің "Кремонезе" қақпасына соққан голы туралы

Костичтің "Кремонезе" қақпасына соққан голы туралы
«Ювентустың» сол қанат жартылай қорғаушысы Филип Костич «Кремонезе» қақпасына соққан голы (2:1) туралы пікір білдірді. Ол команданың жеңісіне риза екенін айтты.

«Сезімдер өте керемет, гол соққаныма қуаныштымын, бірақ одан да қуаныштысы — біз жеңіске жеттік. Бұл өте ауыр кезең болды.

Соңғы екі ойында негізгі құрамда алаңға шыққаныма және бүгін менің туған күнім, сондай-ақ, «Ювентустың» да туған күні екеніне бақыттымын. Бұл керемет күн», – деді сербиялық футболшы Sky Sport Italia басылымына.

Еске сала кетейік, Костич Италия А Сериясында соңғы рет 2023 жылдың наурыз айында гол соққан еді. Оның мансабындағы соңғы голы 2025 жылдың ақпан айында, «Фенербахче» клубында жалға ойнап жүрген кезінде тіркелген.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар