
«Бавария» футбол клубы 2024/25 маусымында 978 миллион еуро табыс және салықтардан кейін 27,1 миллион еуро таза пайдамен рекордық нәтижелерге қол жеткізгенін жариялады. Бұл туралы клубтың ресми веб-сайтында хабарланды.
Клубтың басқарма төрағасы Ян-Кристиан Дрезен: «Қиын кезеңдер мен трансферлік нарықтағы күрт өсімге қарамастан, біз тағы да рекордтық деңгейдегі табысқа қол жеткіздік және тұрақты пайда көрсеттік. Бұл нәтижелер клубымыздың қуатты және тұрақты екенін көрсетеді.
«Бавария» ФК өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді», – деді ол. Белгілі болғандай, концерннің жалпы табысы өткен жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға артқан.
Бундеслигада көш бастап тұрған клубтың операциялық пайдасы болса 11,3 пайызға өсіп, 187,8 миллион еуроны құраған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз