
Португалиялық маман Витор Перейра «Вулверхэмптон» бас бапкері қызметінен босатылғаны жайлы пікір білдірді. «Мен үшін «Вулверхэмптонды» басқару және бұл клуб пен оның жанкүйерлерімен ерекше сәттерді бірге өткізу — үлкен құрмет болды.
Клуб иелеріне маған артқан сенімдері үшін, ал футболшыларға осы айларда көрсеткен еңбектері мен жанкештіліктері үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, барлық қызметкерлер ұжымына мені отбасы мүшесі ретінде қабылдағаны үшін алғыс айтамын», – деді Перейра журналист Бен Джейкобсқа.
Перейра 2024 жылдың желтоқсанынан бері «Вулверхэмптон» бас бапкері болды. Осы маусымның он турынан кейін команда турнир кестесінің ең төменгі сатысына орналасқан және бар болғаны екі ұпай ғана жинаған.
«Қасқырлар» әлі Англия Премьер-лигасының осы маусымында бірде-бір жеңіске жете алмаған жалғыз команда болып отыр.
Витор Перейра: "Вулверхэмптонды басқару құрмет болды"
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар