
Норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд өзінің күшті физикалық мүмкіндіктерінің сырын ашты. Оның айтуынша, күн сайын бір стақан шикі сүт ішу оған гол соғуға және қорғаушыларды шаң қаптыруға көмектеседі.
«Бұл мен үшін нағыз супер сусын. Ол менің тек асқазаныма ғана емес, сондай-ақ теріме және бұлшықеттеріме де оң әсер етеді.
Сондықтан оны ішемін. Өзімді бұдан жақсырақ сезінемін», – деді Холанд.
Сонымен бірге, Англияның Азық-түлік стандарттары агенттігі (FSA) Холандтың бұл таңдауы бойынша дереу ескерту жасады. Олардың айтуынша, шикі сүт зиянды бактерияларды қамтуы мүмкін және тағамнан улануға себеп болуы ықтимал.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар