date

Рома Зиркзее трансфері үшін келіссөз бастады

Рома Зиркзее трансфери үшін келіссөз басталды
Манчестер Юнайтедтің орталық шабуылшысы Джошуа Зиркзее қыстық трансферлік терезеде командадан кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Sky Sports хабарлайды.

Деректерге қарағанда, нидерландиялық форвард өзіне көрсетілген ойын уақытынан риза емес. Ол осы маусымда бар болғаны 90 минут қана алаңда өнер көрсетті.

Зиркзее агентінен жалға берілу мүмкіндігін қарастыруды сұраған. Белгілі болғандай, футболшыға Италияның бірқатар клубтары қызығушылық танытуда.

Атап айтқанда, Рома Зиркзее трансфері бойынша Манчестер Юнайтедпен келіссөздерді бастаған. Еске сала кетейік, Зиркзее 2024 жылдың жазында Манчестер Юнайтед құрамына қосылған болатын.

Ол "қызыл шайтандар" сапында 54 ойында алаңға шығып, 7 гол және 3 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Рома Зиркзее трансфері үшін келіссөз бастады