
Нағыз кино хикаясы: «Эспаньол» командасының қазіргі бас бапкері, 46 жастағы Маноло Гонсалес бұрын автобус жүргізушісі болып жұмыс істеген. The Guardian басылымының хабарлауынша, ол тіпті 2020 жылға дейін Барселона мен Бадалона қалалары арасындағы бағытта автобус жүргізген. 
Шын мәнінде, бұл жұмыс Гонсалес үшін уақытша табыс көзі болған, себебі футболдағы жұмыстары жақсы жүрмеген. Бірақ 2020 жылы оның «Бадалона» командасы Испания Королі кубогында «Хетафені» жеңіп, бұл оның бапкерлік жолындағы бетбұрыс сәтке айналды. 
2023 жылы Гонсалес «Эспаньолды» күрделі жағдайда төменгі лигаға түсіп кетуден құтқарып, команда жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне ие болды. Қазір команда Ла Лига турнир кестесінде алтыншы орында тұр. 
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар