date

Футболдан таққа дейін: Бекхем корольдің қолынан рыцарлық атағын алды

Футболдан таққа дейін: Бекхем корольдің қолынан рыцарлық атағын алды

Ағылшын футболы тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі Дэвид Бекхэм енді ресми түрде рыцарлық атаққа ие болды. BBC хабарлауынша, 50 жастағы команданың бұрынғы капитаны 4 ноябрьде Беркширде өткен салтанатты шарада Король Чарльз III тарапынан марапатталған.

Бұл атақ Бекхэмнің тек футболда ғана емес, Британ қоғамының дамуына қосқан үлесі үшін берілген. Король атақты өзі тапсырды және бұл сәт ел тарихындағы спорт қайраткерлері үшін жаңа бет ретінде тіркелді.

"Мен өте мақтан тұтамын. Мен әрқашан отанымды жақсы көремін, ал монархия менің отбасым үшін өте маңызды болды. Мен әлем бойынша саяхат жасадым және барлық жерде адамдар менімен монархия туралы сөйлескісі келеді - бұл мен үшін мақтаныш," - деді Бекхэм рәсімнен кейін.

Бекхэм 2013 жылы футболдан кеткеніне қарамастан, оның аты спорт әлемінде әлі де жоғары деңгейде. Ол "Манчестер Юнайтед," "Реал Мадрид," ПСЖ, "Милан" және "Лос-Анджелес Гелекси" клубтарында ойнап, Англия, Испания және Франция чемпиондықтарын жеңіп алды.

Қазір Бекхэм Лионель Месси ойнап жүрген "Интер Майами" клубының иесі саналады.

Осылайша, әлемдік футболда стиль мен назардың символына айналған Дэвид Бекхэм енді ресми түрде "Сэр Дэвид" мәртебесіне ие болды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Футболдан таққа дейін: Бекхем корольдің қолынан рыцарлық атағын алды