date

Криштиану Роналду Дональд Трамп туралы айтты

Криштиану Роналду Дональд Трамп туралы айтты
Португалия құрамасының жұлдыз шабуылшысы Криштиану Роналду АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп туралы өз пікірін білдірді. Пирс Морган қойған «Неліктен Дональд Трампқа жолдаған жейдеңізде ‘Бейбітшілік үшін ойна’ деген жазу болды?» деген сұраққа Роналду: «Ол – әлемді өзгерте алатын, немесе ең болмағанда оны өзгертуге көмектесе алатын адамдардың бірі», деп жауап берді.

Криштиану Роналду 40 жаста және қазіргі уақытта Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнап жүр. Оның қолданыстағы келісімшарты 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін жарамды.

Роналду футболшы ретінде 952 гол соғуға қол жеткізген. «Аль-Наср» Саудия Про-лигасында көш бастап тұр және ағымдағы маусымның өткен жеті ойынының бәрінде жеңіске жеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Криштиану Роналду Дональд Трамп туралы айтты