date

Криштиану Роналду: "Мен бірнеше жыл бұрын миллиардер болдым"

Криштиану Роналду: "Мен бірнеше жыл бұрын миллиардер болдым"

Португалия футболының символдарының бірі, қазір Сауд Арабиясының "Ан-Наср" клубының намысын қорғап жүрген Криштиану Роналду жақында журналист Пирс Морганмен болған сұхбатында тағы да көпшіліктің назарына ілікті. Сұхбат барысында аңыздың қаржылық жағдайы мен оның "миллиардер футболшы" мәртебесі туралы сөз қозғалды.

Пирс Морган Роналдуға былай деп сұрақ қойды:

- Криштиану, соңғы аптада ресми түрде миллиардер болғаның рас па?

Роналду күлімсіреп жауап берді:

- Жоқ, бұл жаңалық емес. Мен бірнеше жыл бұрын миллиардер болдым.

Журналист таңданыспен қайта сұрады:

- Шынымен бе?

- Әрине, 39 жасымда бұл межеге жеттім. Мен өзімнің қаржылық жағдайымды жақсы білемін, әр қадамымды бақылаймын. Бұл менің өмірім, менің еңбегіммен табылған қаражат. Сондықтан оның әрбір егжей-тегжейі мен үшін маңызды," - деді Роналду.

Футболшының айтуынша, оның айналасында тәжірибелі мамандар командасы бар - қаржы кеңесшісімен күн сайын дерлік байланыста болып, инвестициялар мен жаңа мүмкіндіктерді талқылайды.

- Миллиардқа жеткенімді сезгенде қатты қуандым. Бұл мен үшін "Алтын допты" жеңіп алғандай сезім болды. Әр адамның өмірде өзіндік мақсаты бар. Біреу үй салуды армандайды, біреу жаңа көлік алуды. Менің арманым осы санға жету еді, - деп қосты жұлдызды футболшы.

Журналист сөзін жалғастырды:

- Сонда сенің басты мақсатың миллиардқа жету болды ма?

Роналду былай деді:

- Иә, бұл менің жеке мотивім болды. Бірақ мен ақшаға қатты тәуелді адам емеспін. Қаржы маңызды, бірақ адам өмірінде руханилық олардан жоғары тұратын кезең келеді. Біз адамбыз - қолымызда бар нәрсеге ешқашан толық қанағаттанбаймыз.

Соңғы жылдары Криштиану Роналду тек футболда ғана емес, бизнес саласында да үлкен жетістіктерге жетті. Оның бүкіл әлем бойынша жұмыс істейтін бренді, қонақүйлер желісі және инвестициялық жобалар арқылы алатын табысы әлемдегі ең жоғары төлем алатын спортшылардың бірі ретінде атын нығайтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Криштиану Роналду: "Мен бірнеше жыл бұрын миллиардер болдым"