date

Манчестер Юнайтед Борнмут жұлдызын сатып алуы мүмкін

Манчестер Юнайтед Борнмут жұлдызын сатып алуы мүмкін
Борнмут клубының вингері Антуан Семеньо өзінің мансабын Манчестер Юнайтедте жалғастыруы мүмкін. TEAMtalk басылымының хабарлауынша, Манчестер Юнайтед скауттары маусым басынан бері 25 жастағы футболшының ойындарын мұқият бақылап келеді.

Мәліметтерге қарағанда, "қызыл шайтандар" футболшы үшін шамамен 68 миллион еуро ұсынуға дайын. Бастапқыда бұл трансфер жазғы маусымға жоспарланған еді, бірақ егер Семеньо өз жарқын ойынын жалғастырса, келісім қаңтарда да жүзеге асырылуы мүмкін.

Ағымдағы маусымда Семеньо Англия Премьер-лигасында он кездесуге қатысып, алты гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Футболшының Борнмутпен келісімі 2030 жылға дейін есептелген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Манчестер Юнайтед Борнмут жұлдызын сатып алуы мүмкін