date

“Арсенал” өз алаңында “Борнмутқа” күтпеген жеңіліс тапты

“Арсенал” өз алаңында “Борнмутқа” күтпеген жеңіліс тапты

Англия Премьер-лигасының 32-туры аясында “Арсенал” өз алаңында “Борнмут” командасын қабылдады. Кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды — қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынды белсендірек бастаған “Борнмут” 17-минутта Эли Жуниор Крупидің голымен есеп ашты. “Арсенал” 35-минутта Виктор Гёкерештің пенальтиден соққан голымен есепті теңестірді. Алайда 74-минутта Алекс Скоттың дәл соққысы қонақтарға жеңіс сыйлады.

Осылайша “Борнмут” маңызды 3 ұпай алып, ұпай санын 45-ке жеткізіп, 9-орынға көтерілді. “Арсенал” 70 ұпаймен көшбасшы болып қалды, бірақ өте маңызды ұпайлардан айырылды.

АПЛ. 32-тур

“Арсенал” — “Борнмут” 1:2

Голдар: Гёкереш 35’ (пен) — Крупи 17’, Скотт 74’.

“Арсенал” құрамы: Райя, Уайт (Москера 76’), Салиба, Габриэль, Льюис-Скелли, Субименди (Жезус 76’), Райс, Мадуэке (Дауман 54’), Хаверц (Эзе 54’), Мартинелли (Троссар 54’), Гёкереш.

“Борнмут” құрамы: Петрович, Хименес, Хилл, Сенеси, Трюффер, Кристи (Адамс 70’), Алекс Скотт, Райан (Брукс 70’), Тавернье, Эли Жуниор Крупи (Тотт 85’), Эванилсон.

“Арсенал” бұл матчта ұпай жоғалтып, чемпиондық жарыстағы қысымды күшейтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » “Арсенал” өз алаңында “Борнмутқа” күтпеген жеңіліс тапты