
“Ливерпуль” командасы соңғы теріс нәтижелерге байланысты сынға ұшырады. Соған қарамастан, Арне Слот басшылығындағы команда соңғы екі кездесуде жағдайды түзеп, “Астон Вилланы” 2:0 және “Реалды” 1:0 есебімен жеңді.
Еуропа Чемпиондар Лигасы аясында Мадрид клубы үстінен жеткен жеңістен кейін, “Ливерпульдің” капитаны Вирджил ван Дейк сын туралы өз ойымен бөлісті. “Ливерпуль” сапында ойнағанда, төрт немесе бес ойында жеңілсең, сынның болуы – табиғи жағдай.
Алайда кейде сын шектен шығып кетеді. Қазір көп платформалар бар, әр адам өз пікірін білдіре алады және бұл кең таралады.
Бірақ бұрыңғы уақытта жоғары деңгейде ойнаған футболшылар да қиын кезеңдерді бастан өткерген. Мен команда, клуб және бізді қолдап жатқан барлық адамдар үшін нәтижелерді жақсартуға тырысамын – қуанышты сәтте де, қиындықта да,” – дейді ван Дейк Amazon Prime арнасына берген сұхбатында.
“Ливерпуль” келесі кездесуін 9-қараша күні сырт алаңда “Манчестер Сити”ге қарсы өткізеді. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз