date

Диогу Жота 2025 жылдың үздік футболшысы деп танылды


Осы жылдың сейсенбі күні "ПСЖ" клубының вингері Дезире Дуэ "Golden Boy" жүлдесін жеңіп алып, жылдың ең үздік жас футболшысы атағына ие болды. Tuttosport басылымы жылдың ең үздік футболшысы атағын марқұм Диогу Жотаға берді.

Португалиялық футболшы 2025 жылдың шілде айында туған ағасымен бірге жол-көлік апатында қаза тапқан болатын. Диогу Жота өткен маусымда "Ливерпуль" клубын Англия чемпионы етуге үлкен үлес қосты.

Сондай-ақ Португалия ұлттық құрамасы сапында Ұлттар Лигасы кубогын жеңіп алды. Марқұм Жотаның жасы небәрі 28-де еді.

Қайғылы оқиғаға байланысты "Ливерпуль" клубы оның 20-шы нөмірін мәңгіге бекітті және футболшының отбасына келісімшарт бойынша барлық қаржылық міндеттемелерін толықтай төлеп берді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Диогу Жота 2025 жылдың үздік футболшысы деп танылды