
Бұрынғы "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду клубқа деген қарым-қатынасы туралы айтты. Роналду "Манчестер Юнайтед" сапында екі кезеңде өнер көрсеткен.
2022 жылдың күзіде португалиялық футболшы клубты қатты сынға алған сұхбатынан кейін "қызыл шайтанмен" келісімшартын бұзған еді. Соған қарамастан, ол әлі де команданың ойындарын бақылап отырады.
""Манчестер Юнайтедті" қарап жүрмін бе? Әрине.
Мен бұл клубта қанша жыл ойнадым. Сол жерде Чемпиондар лигасын, "Алтын допты" және 12-14 жүлде жеңіп алдым.
Сондықтан тағы да айтамын: "Манчестер Юнайтед" әлі де менің жүрегімде. Мен бұл клубты жақсы көремін.
Бірақ ақиқатты мойындауымыз керек: олар дұрыс жолда емес. Клуб өзгеруі керек — менің ойымша, бұл мәселе тек бапкерде немесе футболшыларда ғана емес", – деді Роналду Пирс Морганмен сұхбатында.
Қазіргі кезде 40 жастағы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнап жүр. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар