
Жұлдызды шабуылшы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед»-тің қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді. Португалиялық футболшы команданың соңғы жылдардағы ойындарын көру оған ауыр тиетінін мойындады.
«Олардың құрамында жақсы футболшылар бар, бірақ кейбіреулері тіпті "Манчестер Юнайтед" не екенін де білмейді. Бұл өте өкінішті, себебі бұл клуб әлемнің ең маңызды командаларының бірі болып саналады және ол менің жүрегімде ерекше орын алады.
Алға ұмтылу үшін болашаққа негіз қалайтын ақылды адамдар керек – дәл "Манчестер Юнайтед" көп жыл бұрын істегендей. Ники Батт, Гари Невилл, Рой Кин, Дэвид Бекхэм – олардың барлығы ұлы футболшыға айналды, бірақ мансаптарын жастар командасынан бастаған.
Бүгінде "Манчестер Юнайтед"-те мұндай жүйе жоқ. Үміттенемін, бұл өзгереді, себебі клубта үлкен әлеует бар.
Бұл XXI ғасырдың ең ірі клубтарының бірі», – деді Роналду журналист Пирс Морганның бағдарламасында. Айта кету керек, "Манчестер Юнайтед" қазіргі уақытта Англия чемпионаты турнирлік кестесінде сегізінші орында тұр.
Криштиану Роналду осы клуб сапында мансабының екі кезеңін өткізген. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз