date

Ресей футболы халықаралық аренаға қайта оралуы мүмкін

Ресей футболы халықаралық аренаға қайта оралуы мүмкін
Ресей футболының халықаралық жарыстарға қайта оралуы жөнінде жаңа мәліметтер пайда болды. Sport Baza хабарлауынша, FIFA және UEFA 2026 жылдың ақпан айында Ресей әйелдер құрамасын Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қосуы мүмкін.

Бұл Ресей футболынан тыйымды алып тастаудың бірінші кезеңі болады деп күтілуде. Егер бұл шешім Еуропа елдері тарапынан күшті теріс реакцияға себеп болмаса, келесі кезеңде жасөспірімдер мен жастар құрамаларын халықаралық жарыстарға қайтару жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Ресей клубтары мен ұлттық құрамалары 2022 жылдың ақпан айынан бері халықаралық жарыстардан шеттетілген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ресей футболы халықаралық аренаға қайта оралуы мүмкін