
«Барселонаның» жас қаптал шабуылшысы Ламин Ямал жақын арада «Пари Сен-Жермен» клубына ауысады деп күтілмейді. Францияның беделді клубы көптен бері каталониялық талантты футболшыға қызығушылық танытып жүрген еді.
Алайда Transfer News Live дерегін Aliotalk сайтына сүйеніп хабарлағандай, ПСЖ бүгінде Ямалға қатысты келіссөздерді жоспарламайды. Transfermarkt порталының мәліметінше, 18 жастағы шабуылшының трансферлік құны 200 миллион еуроға бағаланған.
Оның «Барселонамен» қолданыстағы келісімшарты 2031 жылға дейін жалғасады. Бұған дейін Париж клубы Ямал үшін 200 миллион еуродан жоғары ұсыныс жасаған, бірақ «Барселона» бұл ұсынысты қабылдамаған еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз