date

Милан шабуылшысы ойындардан уақытша бас тартады


Милан футбол клубының шабуылшысы Сантьяго Хименес жанкүйерлеріне өзінің жарақаты туралы хабарлады. "Бірнеше ай бойы өкшемдегі жарақатпен ойнадым, бұл маған алаңда өзімді жайлы сезінуіме кедергі жасады.

Командаға көмек көрсетуге деген ынтам күшті болса да, ойын барысында ауырсыну күшейіп, тоқтауға тура келді", – деп жазды Хименес әлеуметтік желілерде. 24 жастағы мексикалық футболшы осы маусымда барлық жарыстарда 12 ойында алаңға шығып, бір гол мен бір нәтижелі пас авторы атанған.

А Сериясының 10-турынан кейін Милан командасы 21 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында орналасқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Милан шабуылшысы ойындардан уақытша бас тартады